Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 239 852 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй

Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс – 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология

Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
![]() |
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
![]() |
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||
![]() |
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
![]() |
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||
![]() |
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
![]() |
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||
![]() |
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
![]() |
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||
![]() |
Уикисабақ Білім қоры
|
![]() |
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||
![]() |
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
![]() |
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар

- 25 шілде — британдық әнші Оззи Осборн (суретте) 76 жасында қайтыс болды.
- 25 маусым — Израиль мен Иран арасындағы соғыс уақытша тоқтады.
- 12 маусым — «Хабар» агенттігі 2025 жылғы Junior Eurovision ән байқауына қатыспайтынын мәлімдеді, Қазақстан байқауға соңғы рет 2022 жылы қатысты.
- 12 маусым — Үндістанның Ахмадабад қаласындағы Boeing 787 апатынан 260-тан аса адам қаза тапты.
- 10 маусым — Аустрияның Грац қаласындағы орта мектептегі атыстан он бір адам қаза тапты.
- 3 маусым — Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау нәтижесінде Ли Чжэ Мён жаңа Корея Республикасының президенті болып сайланды.
Білгенге маржан
- Балаға ата-анасының гені 50/50% бірдей бөлініп беріледі. Бұл еркектер әйелдерден артық, еркектер әйелдерден бір саты жоғары тұру керек деген аңызды (миф) толықтай жоққа шығаруға жеткілікті. Бұл еркек пен әйелдің теңдігінің бір дәлелі.
- Адамда ДНҚ спиралдарынан тұратын барлығы 46 хромосома бар оның тең жартысы жыныстық мүшелерде сақталады.
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
3 тамыз

Мейрамдар
- Нигер, Тәуелсіздік күні
- Экваторлық Гвинея, Әскер күні
Оқиғалар
- 1778 — Милан қаласында «Ла Скала» опера ғимаратты ашылды
- 1907 — Португалияда жексенбі демалыс күні болып жарияланды.
- 1914 — Бірінші дүниежүзілік соғыс, Германия Францияға соғыс жариялады.
- 1930 — КСРО мен Италия арасында сауда келiсiм-шартқа қол қойды.
- 1960 — Нигер Франциядан тәуелсіздік алды.
- 2004 — Меркурийді зерттеу үшін, «MESSENGER» автоматты планета аралық станцияны іске қосылды
Дүниеге келгендер
- 1770 — Фридрих Вильгельм III (1840), Пруссия королі.
- 1872 — Хокон VII (1957), Норвегия королі (1905—1957 жж.).
- 1903 — Хабиб Бургиба, Тунистің бірінші президенті (2000).
- 1904 — Клиффорд Саймак (1988), американдық фантаст-жазушы.
- 1959 — Коити Танака, Жапония ғалымы, 2002 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
Қайтыс болғандар
- 1667 — Франческо Борромини (1599), италияндық архитектор.
- 1942 — Рихард Вильштеттер (1872), неміс химигі, 1915 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1979 — Бертиль Готтхард Улин (en:Bertil Gotthard Ohlin) (1899), Швеция экономисті, 1977 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
- 2008 — Александр Исаевич Солженицын (1918), орыс жазушы, 1970 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
Тамыз айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!